Президент қазақстандықтарға уақыттың зымырап өтетінін еске салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент қазақстандықтарға уақыттың зымырап өтетінін еске салды

Президент қазақстандықтарға уақыттың зымырап өтетінін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай отырып, осы уақыт бойы онымен бірге қызмет атқарғандардың барлығына алғыс айтты.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

"Ертеңнен бастап еліміздің екінші 25 жылдығына көшеміз. Қазақстандықтар 25 жылдан соң Қазақстан Тәуелсіздігінің 50 жылдығын тойлайтын болады. Мен барлығынан бұрын осы кезде әлемде бейбітшілік болғанын қалаймын. Тек бізде емес, сондай-ақ, Ресейде, Қытайда, біздің Орталық Азиядағы көрші елдерімізде және барлық әлемде бейбітшілік болғанын қалаймын. Бейбітшілік орнамай, елде барлығы жақсы болады деп жоспарлау немесе айту мүмкін емес", -деді Президент қазақстандықтарға.

"Сондықтан да мен халықаралық мәселелерге назар аударамын. Әрбір саясаткер осылай жасауы тиіс. Себебі әлемде бейбітшіліктің болуы өте маңызды", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жинлғандарға қазіргі уақытта Қазақстанда 5 миллион 575 мың баланың өмір сүріп жатқанын айтты.

"Елестете аласыздар ма? 50 жылдан кейін сол балалардың жасы 50-ге келіп қалады. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Біз осының барлығын балаларымыз үшін істеп жатырмыз. Олардың білімді, денсаулығы зор болуы үшін тырысып жатырмыз. Біз мектептерде, университеттерде осындай қоғамды тәрбиелеп жатырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети