Президент ҚазҰУ және басқа республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент ҚазҰУ және басқа республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды Сурет: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.

Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
  6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
  7. Қазақ ұлттық өнер университеті;
  8. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
  9. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
  10. Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети