19 мамыр 2014 | 16:13

Президент ресми сапармен Қытайға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай халық республикасына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай халық республикасына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Сапар аясында Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Жоспарға сәйкес, екі елдің басшысы Тынық мұхиттағы Ляньюньган портында салынатын теңіз терминалының құрылысын ресми түрде бастап бермек. Айта кеткен жөн, өткен жылы Қытай басшысы С.Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында Қазақстан темір жолы мен Ляньюньганның теңіз порты компаниясы бірлескен кәсіпорынды (49 пайызы - Қазақстан және 51 пайызы - Қытай) құру туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Оған сәйкес, Ляньюньган терминалын салу ұйғарылды. Ол арқылы қазақстандық тауарларды, әсіресе, астықты Тұнық мұхитпен көптеген елдерге жеткізуге болады.    

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында мұнай-газ, тау-кен және инвестициялар саласында бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі құжаттарға қол қоймақ. Содан соң, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысады. Аталған ұйымды құру туралы бастаманы Назарбаев алғаш рет 1992 жылы көтерген болатын. Сол кезде аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тетігі болмаған. Бүгінде осы ұйымға 20 мемлекет кіреді. Қазіргі төраға - Түркия. Биыл төрағалық Қытайға көшеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети