01 желтоқсан 2014 | 21:23

Президент Сара Назарбаеваның рөлін сомдаған актрисаға алғысын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Tengrinews Иллюстрация Tengrinews

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның төртінші бөліміне түскен актерлер түсірілім кезіндегі өз әсерлерімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның төртінші бөліміне түскен актерлер түсірілім кезіндегі өз әсерлерімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет Басшысы жұбайының рөлін сомдаған актриса Мәдина Есманова Елбасы оның фильмдегі еңбегін жоғары бағалағанын айтты. "Ол алғаш кіріп келген бойда маған қарап: "Сен жақсы ойнадың". Ал шығып бара жатып, менің қасыма келіп тұрып былай деді: "Сен рөлді өте тамаша ойнадың. Саған көп рахмет". Көрермен берген баға ең жоғарғы баға деп есептеймін. Сондықтан мен үшін бұл сөздерден артық сыйлық жоқ. Оның үстіне басқа басқа Ұлт көшбасшысының өзі жылы пікір білдіріп жатса бұл фильмді сәтті шықты деуге толық негіз бар", - деді актриса. "Екінші және үшінші бөлімде мен жас қыздың рөлін сомдасам, ал төртінші бөлімде келіншектің рөлін ойнадым", - деп толықтырды өз сөзін Есманова.

Ол сондай-ақ, жай рөлдерді сомдағаннан гөрі тарихи рөлдерде ойнау әлдеқайда қиын. Себебі менің кейіпкерімді елдің барлығы таниды. "Әрине мен ол кинода жұбайын жақсы көретін қарапайым ғана әйелдің рөлін ойнадым. Және мен бірінші ханымның емес, өзінің дүние танымы бар, өзіне ғана белгілі қорқынышы да жоқ емес қарапайым әйелді сомдадым. Әр күшті еркектің артында күшті әйел тұрады емес пе", - деп сөзін толықтырды актриса.

Есманованың сөзіне қарағанда, ол өмірде Сара Назарбаевамен жүздесіп көрмеген. "Ал екінші бөлім экранға шыққанда ол кісі атқарылған жұмысқа көңілі толатынын, өзіне фильм ұнағанын айтты. Мен үшін бұдан асқан сыйлық жоқ", - деп толықтырды ол өз сөзін.

Фильмнің төртінші бөлімінде басымдық Мемлекет Басшысының жеке өміріне берілген. Отбасына деген қамқорлығы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл картинада Президенттің екі баласы - қыздары Дариға мен Динараның бала күнгі бейнесі көрініс табады. Ал Дариға Назарбаеваның 12 жас шамасындағы  рөлін ойнаған балғын актриса, әрі әнші Ақерке Сүлейменова фильм барысында ән де айтқан жері бар.

"Мен үшін бұл рөлді сомдау аса қиындық туғыза қойған жоқ. Ал бүгін бұл киноны көргенімде жылап жібере шақ қалғанымды жасырмаймын. Президенттің алдында тұрғанымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің өмірімде сомдаған рөліме соншалықты беріліп, еніп кеткен кезім болған жоқ десем қателеспеймін. Болған оқиғалар нақ өзімнің басымнан өтіп жатқандай болып көрінді маған", - деді ол.

Ақерке де бұған дейін өз кейіпкерімен жүздесе қоймаған. "Бұл, тек әзірге ғана", - деп күлді ол. Балғын актриса бұған дейін "Ғашық жүрек", "Тракторшының махаббаты" және "Тақия life" атты сериалдарда ойнаған.

Ал Мемлекет Басшысының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов журналистермен фильмнің премьерасы көрсетілмей жатып-ақ тілдесіп үлгерген еді. "Алдымен мен сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Барлықтарыңызға сәттілік, бақыт, табыс тілеймін. Өз басым фильмді әлі көрген жоқпын. Барлықтарыңызға ұнайды деп үміттенемін", - деді Нұрлан. 

"Бұл - тарихи тірі образ. Сондықтан зор жауапкершілік жүктелгені белгілі. Соған қарамастан киноэпопеяның бірінші және екінші бөлімі халықтың да, Президенттің де көңілінен шыққан болатын. Төртінші бөлімнің де көпшіліктің көңілінен шығатынына сенім артамын", - деді актер.

Еске саламыз, бұл картина "Елбасы жолы" киноэпопеясының жалғасы іспетті. Жалпы киноэпопея "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен" және "Темір Тау" атты бөлімдерден тұрады. Фильм сценариін қазақстандық белгілі драматург-сценарист Шахимардан Құсайынов, Рүстем Әбдірашов пен Геннадий Земел Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап желісі бойынша бірігіп жазған. Режиссер - Рүстем Әбдрашов. Фильмде Мемлекет Басшысының замандастары, достары мен әріптестерінің де естеліктері ескерілгенін айта кеткен жөн.

Жаңа фильмде бас кейіпкердің Орталық Азия бойынша ең ірі "Қарметкомбинатта" басшылықта жүріп партиялық ұйымдастыру ісінде  жүрген кезеңдері көрініс табады. Фильм желісі бойынша Президент Днепродзержинск қаласынан оқуын аяқтап келіп, үлкен іске араласа бастаған шағы баяндалады. Киноэпопеяның төртінші бөлімі Астана, Алматы, Теміртау мен Мәскеу қалаларында қатар түсірілген. Картина прокатқа 2014 жылы 4 желтоқсанда шығады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети