Президент сайлауы: тағы бір кандидат ОСК-ға құжат тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент сайлауы: тағы бір кандидат ОСК-ға құжат тапсырды Нұрлан Әуесбаев. Фото: Tengrinews.kz©

"Жалпыұлттық социал-демократиялық" партиясынан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жалпыұлттық социал-демократиялық" партиясынан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары ұсынылды:", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Н.С. Әуесбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети