24 қаңтар 2020 11:58

Президент Семейге жаңа мәртебе берілуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен Семейге тарихи орталық мәртебесі берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен Семейге тарихи орталық мәртебесі берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Менің шешімім бойынша, Семейге тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жай атау ғана емес. Ол үшін біраз жұмыс істеу қажет, осындай тарихи қаланың тұрғындары үкімет тарапынан назар аударылып жатқанын сезінуі қажет. Меніңше, сіздер бұл жұмысты атқара аласыздар. Таяуда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқылап, кездесу өткізген болатынбыз, көрсеткіштер жақсы. Бұқтырма су қоймасына көпір салу мәселелесімен айналысамыз. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан, ол халыққа пайдасын тигізгеннен бөлек, инвестиция тартуға ықпалын тигізеді. Осы мәселемен айналысуды өтінемін", -  деді Тоқаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің баяндамасынан кейін.

Еске салайық, мұның алдында Тоқаев Семейге тарихи орталық мәртебесін беруді тапсырған болатын. 

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп беріп жатыр, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети