Президент Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баршаңызға мәлім, Ішкі істер министрлігі - мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу – аса маңызды міндет. Азаматтардың және бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігі осы міндеттерге тікелей байланысты.

Тәртіп сақшыларының қызметі оңай емес. Күні-түні жұмыс істейтін кездер жиі болады. Қауіп-қатер де бар. Тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы сақадай сай болу үшін ерекше қажыр-қайрат пен төзімділік қажет. Себебі қиын жағдайға тап болған жандар, ең алдымен, полициядан көмек күтеді. Азаматтарымыз сіздерге мемлекеттің, яғни биліктің өкілі ретінде қарайды. Қауіп-қатерден қорғайды деп сенеді. Сондықтан сіздерге әрдайым орасан зор жауапкершілік жүктеледі.

Жалпы, полицияның сапалы жұмысы ел үшін, халық үшін өте қажет. Біз бәріміз, біртұтас қоғам болып полиция қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Дәл осындай қолдауды біз міндетті түрде көрсетеміз. Полиция қоғамда халықтың құрметіне ие мамандықтың бірі болуы керек. Ал полиция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, халқына адал қызмет етуге тиіс. Сондықтан біз қазір ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге баса мән беріп отырмыз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro