24 наурыз 2019 | 16:16

Президент Шпекбаев пен Асановқа бірқатар нақты тапсырма берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесуде Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Алик Шпекбаевпен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети