Президент сөгіс жариялаған үш министр сыйақыдан қағылуы мүмкін бе?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент сөгіс жариялаған үш министр сыйақыдан қағылуы мүмкін бе? Серікқали Брекешев, Ербол Қарашөкеев, Бақыт Сұлтанов. Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов, gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер Бақыт Сұлтановқа, Ербол Қарашөкеевке және Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады. Мемлекеттік саяси қызметшіге жарияланған сөгістің салдары қандай болатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер Бақыт Сұлтановқа, Ербол Қарашөкеевке және Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады. Мемлекеттік саяси қызметшіге жарияланған сөгістің салдары қандай болатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке және премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Tengrinews.kz мәліметінше, саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік тағайындау ережелері Президенттің 2015 жылғы Жарлығында көрсетілген. Бұл министрлерге де қатысты.

Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, дұрыс орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылады.

Жаза күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде мемлекеттік саяси қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы алынған деп есептеледі.

Саяси мемлекеттік қызметші тағы да теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза 6 ай мерзім өткенге дейін алып тасталуы мүмкін. Шешім шығарған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жазаны мерзімінен бұрын алып тастай алады.

Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін жаза алынбаса, осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және айлыққа үстемеақы белгілеу қағидаларына сәйкес, қызметкердің тәртіптік жазасы болған кезде сыйақы берілмейді. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы мерейтой және мереке күндеріне орай төленуі мүмкін.

Осылайша, министрлер Бақыт Сұлтанов, Ербол Қарашөкеев және Серікқали Брекешев келесі 6 айда сыйақыдан қағылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети