Президент: “Таза Қазақстан“ үкімет пен әкімдер үшін конституциялық міндет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент: “Таза Қазақстан“ үкімет пен әкімдер үшін конституциялық міндет Фото: t.me/KZgovernment

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Президент Алатау қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Президент Алатау қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру үкімет пен әкімдер үшін конституциялық міндет екенін айтты.

️"Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға тиіс. Жалпы, Alatau city тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және заманауи инфрақұрылым салу. Қала төрт ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талапқа сәйкес болуы керек. Қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет", - деді Президент.

Президент "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын ілгерілету жай ұсыныс емес, үкімет пен әкімдерге жүктелген міндет екенін еске салды.

"Осыған байланысты Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет. "Таза" деген сөздің мағынасы көпқырлы. Бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш ету деген сөз. "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық қозғалысы Әділетті Қазақстанның болмысына, тіпті, оның тұтас идеологиясына айналуы керек", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.15   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +17
Атырау +14
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +18
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер