Президент Тоқаев әкім Көлгіновке бірқатар тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, газбен қамту, инвестиция тарту, үлескерлік құрылыс нысандарын салуды аяқтау  жұмыстары жөнінде баяндалды.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспаналар, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Мәселен, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін жеткен. 2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, биыл пайдалануға берілген 15 мектеп 40 мыңға жуық оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы да 16 мектеп салу жоспарланған.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары және елордада жүргізіліп жатқан вакциналау жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы одан ары дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro