Президент Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикерін қабылдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикерін қабылдады Фото:akorda.kz

Қазақстан Президенті Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың ерекше сипатқа ие екенін айтты.   

Соңғы жылдары мемлекетаралық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен әрдайым байланыстамын. Біз елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы үнемі пікір алмасамыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз, – деді Президент.

 Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық диалогының жанданып келе жатқанын ерекше атап өтті.  

 Кейінгі жылдары парламенттік дипломатия бірте-бірте саяси маңызға ие болып келеді. ТүркПА-ның жуырда өткен отырысының қорытындылары – мұның анық дәлелі. Аталған жиын өте табысты болды және бірлескен өте мазмұнды құжат қабылданды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Милли Мәжіліс спикері кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Ильхам Әлиевтің жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сонымен қатар ТүркПА жұмысының қорытындылары туралы айтты.

Біз Ассамблеяның жұмысына атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ халқының рухани орталығы – Түркістанда болған екі күн ішінде, онда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Көргеніміздің бәрі бізді қатты тамсандырды. Әзербайжан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Бізді түркілік тамырымыз, ортақ мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұқсастығы сияқты көп дүниелер біріктіреді. Сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстан – стратегиялық серіктестер, – деді Сагиба Гафарова.

жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети