Президент Тоқаев энергетика министрін қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздің энергетика саласының дамуы жөнінде баяндалды.

Мағзұм Мырзағалиев "Теңіз", "Қашаған", "Қарашығанақ", "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" кен орындарындағы жобаларды іске асыру арқылы 2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 104,2 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.

Президентке мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы және алдағы уақытта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау шаралары жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту және 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорын қалыптастыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына елімізді газбен қамту жобалары жөнінде баяндалды. Министрдің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда газбен қамтылған халықтың саны 10,3 миллионнан асты, ал газбен қамтамасыз ету деңгейі 55 пайызды құрады. Солтүстік және шығыс өңірлерге газ жеткізу арқылы 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте "Бейнеу – Бозой – Шымкент", "Бейнеу – Жаңаөзен" және "Бұхара – Орал" газ құбырларының қосымша желілерінің салынуы табиғи газға деген жоғары сұранысты өтей алады.

Энергетика министрі Президентке энергия жүйесіндегі қазіргі ахуал және электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін қабылданған жедел шаралар, сондай-ақ 2030 жылға дейін газ, мұнай, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, электр энергетикасы мен жаңартылатын қуат көздері салалары бойынша жалпы құны 30 триллион теңге болатын 157 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ-химия саласын дамытудың аса маңызды екеніне назар аударып, Мағзұм Мырзағалиевке бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer