09 желтоқсан 2022 08:42

Президент Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети