Президент Тоқаев жаңа ішкі істер министрін таныстырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев жаңа ішкі істер министрін таныстырды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған ішкі істер министрін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған ішкі істер министрін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты ішкі істер министрі қызметінен босату және Марат Ахметжановты ведомство басшылығына тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Президент қаңтар оқиғасы кезінде арандатушылар мен радикалды күштердің соққысына бірінші болып ішкі істер органдарының қызметкерлері кеудесін тосқанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген қызметкер өзінің міндетіне адал болып, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті.

Бұдан бөлек, Президент тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын сақтау қажет екеніне ерекше назар аударды.

"Осы қайғылы жағдай ішкі істер органдары жүйесінде кемшіліктердің көп екенін көрсетті. Оны ашық айту керек. Өткен істен барынша сабақ алып, мұндай оқиғаға жол бермеу үшін барлық олқылықтарды анықтап, жою керек. Сондай-ақ қылмыскерлер мен арандатушылардың бәрін тауып, заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бірақ рұқсат етілмеген тергеп-тексеру әдістеріне мүлде жол бермеу керек", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ішкі істер органдары құқықтық тәртіп пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс.

Мемлекет басшысы жаңа министрге азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және заңды мүдделерін сақтауға, халықтың полицияға деген сенімін нығайтуға тапсырма берді. Сондай-ақ ішкі істер органдарын реформалау, соның ішінде полиция қызметіне сервистік модель енгізу, қызметкерлерді іріктеудің сапасы мен дайындығын күшейту жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети