Президент Тоқаев "ҚазМұнайГаз" төрағасына бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев "ҚазМұнайГаз" төрағасына бірқатар тапсырма берді Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына "ҚазМұнайГаз" компаниясының мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырып жатқан жобалары жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл өндіріс орны биылғы тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Маңғыстау облысында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді шешу, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мақсатымен Ақтауда ұлттық компанияның өкілдігі ашылған. Сонымен қатар Жаңаөзенде балаларға білім беру сапасын арттыру жобасы іске асырылып жатыр, оқушылар сарайы мен спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде.

"ҚазМұнайГаз" басшысы Президентке компанияның шетелдік активтерін дамыту перспективалары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети