Президент Тоқаев қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясын реформалау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берілді.

Руслан Жақсылықов Президентке "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қарулы Күштер құрылымы мен құрамын жаңғырту және әскери дайындықты жетілдіру, цифрландыру ісін одан ары жалғастыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде Арнайы операциялар күштерін қалыптастыру аясындағы міндеттерді шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, Жоғарғы Бас қолбасшыға жеке құрамның жабдықталуына қатысты қазіргі ахуал, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы, материалдық-техникалық құралдардың қолда бар қоры жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара ықпалдаса отырып, әскерді техникалық тұрғыдан қайта жарақтау шараларын қабылдап жатыр.

Кездесу соңында Президент Қарулы Күштердің кешенді әрі жүйелі дамуын қамтамасыз етуге және олардың қажетті деңгейдегі әскери дайындығына қолдау көрсетуге, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети