Президент Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.

Владимир Путин 7 қазанда 69-ға келді. Баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин туған күніне қарамастан, жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеп жатыр. Туған күнін кешке отбасымен атап өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети