Президент Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды Фото: Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Президент Санкт-Петербургке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін барған.

"Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Уәли.

Сурет: Facebook\Берік Уәли

Бұған дейін Петербургке Нұрсұлтан Назарбаев барғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети