Президент Тоқаев санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Президент Тоқаев санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын санкциялық сын-қатерге дайындауды тапсырып, оның күрделігін елемеуге болмайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын санкциялық сын-қатерге дайындауды тапсырып, оның күрделігін елемеуге болмайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кездесу өткіздім. Үкімет алдына санкциялық текетірестің шиеленісуі жағдайында елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойдым. Дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін экономикамыз санкциялық сын-қатерлерге дайын болуы керек. Алдағы сын-қатерлер мен қиындықтарды бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделігін елемеуге болмайды. Бірақ асыра сілтеуге де болмайды", - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде (Amanat деп аталды).

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеуге, соның ішінде медиация қызметтерін көрсетуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама