Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындылары, инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, бюджет кірісін арттыру, Ұлттық банктің алтынвалюта резерві мен Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елімізде қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 2021 жылы 4,1 пайыз болғанын атап өтті. Сонымен қатар, инфляцияның өсімі бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгеніне назар аударып, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең шарықтау шегіне, яғни 13,2 пайызға жеткенін айтты. Президент аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту маңызды екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтарудың маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
"Әлемдегі қазіргідей күрделі кезеңде еліміздің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету өте маңызды. Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыруға баса мән беруі қажет және қаржы секторының әлеуетін мақсатты түрде күшейтуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!