04 наурыз 2022 | 21:13

Президент Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңес өткізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті. 

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети