Президент Тоқаевты шет мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаевты шет мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекет басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекет басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында екі ел халқын байланыстыратын берік достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жан-жақты кеңеюі көршілес екі халық пен мемлекеттің өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл аймағымыздағы бейбітшілікті, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді", - делінген өзбек көшбасшысының жеделхатында.

Сауд Арабия Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Корольдіктің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тілеген, ал бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Сонымен қатар, Қазақстан көшбасшысын БАӘ президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла,  Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина президенті Махмуд Аббас құттықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети