Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған құжатқа сәйкес, Министрлер кабинетінің бұрынғы құрамы өзгерген жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен төмендегі азаматтар Үкімет мүшесі болып қалды:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі;
Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы.
Еске салайық, 2 сәуір күні Серік Ахметов отставкаға кеткен болатын. Содан кейін Кәрім Мәсімов жаңа Премьер-министр болып тағайындалды. Ахметовтің отставкаға кетуі Үкіметтің құрамын қайта қалыптастыруға себеп болды.