Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды Фото: Ақорда

Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.

Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді.

Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети