Президентке Астана қалай өзгеретіні көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президентке Астана қалай өзгеретіні көрсетілді Фото. Ақорда

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, "Мыңжылдық" аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда "Қазақстан" спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети