Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит Астанада 22-24 сәуір аралығында өтеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің басын қосып, климаттық және экологиялық негізгі мәселелер бойынша үйлестірілген тәсіл әзірлеуге мүмкіндік береді деп күтіледі.
Бағдарламада климаттық ауысу, табиғи тәуекелдерге бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі, ресурстарды орнықты басқару, ауаның ластануымен және қалдықтармен күрес, сондай-ақ экологиялық және цифрлық құзыреттерді дамыту тақырыптары қарастырылған. Саммитке мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам өкілдері - барлығы 1500-ге жуық делегат қатысады деп жоспарланған.
Бұған дейін елордаға Қырғызстан, Түрікменстан, сондай-ақ Тәжікстан мен Армения президенттері ұшып келді.