Президенттер Астанаға жиналып жатыр: Шавкат Мирзиёев келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттер Астанаға жиналып жатыр: Шавкат Мирзиёев келді Үкіметтің баспасөз қызметінің фотосы

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит Астанада 22-24 сәуір аралығында өтеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің басын қосып, климаттық және экологиялық негізгі мәселелер бойынша үйлестірілген тәсіл әзірлеуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Үкімет баспасөз қызметінің фотосы

Бағдарламада климаттық ауысу, табиғи тәуекелдерге бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі, ресурстарды орнықты басқару, ауаның ластануымен және қалдықтармен күрес, сондай-ақ экологиялық және цифрлық құзыреттерді дамыту тақырыптары қарастырылған. Саммитке мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам өкілдері - барлығы 1500-ге жуық делегат қатысады деп жоспарланған.

Бұған дейін елордаға Қырғызстан, Түрікменстан, сондай-ақ Тәжікстан мен Армения президенттері ұшып келді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   546.88   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер