Кеше | 14:49

Президенттер, шейхтер және тақ мұрагері: Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен кімдер құттықтады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

"Жүздеген жылдардан бері тату көрші әрі дос саналатын екі ел арасындағы өзара сенім, құрмет және қолдау рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынас қарқынды дами беретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басқару, әлеуметтік-экономикалық даму мен белсенді сыртқы саясат жүргізу істерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізгеніне тоқталған.

"Елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстың алдағы уақытта да өрлей беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтауында қазақ-тәжік байланысының қарқынды сипатын жоғары бағалады.

"Біз өзара тиімді ықпалдастықты дәйекті түрде ілгерілетуге баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекеттеріміздің басты мүддесіне сай екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдар жасауға дайынбыз", – деп жазған Тәжікстан Президенті.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, екіжақты байланыс барлық бағыт бойынша табысты өрлей түскеніне назар аударған.

"Бұл орайда Сіздің жақында Түрікменстанға жасаған ресми сапарыңыз ерекше маңызға ие. Ашхабадта жүргізген келіссөздер аясында қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосарына сенімім мол", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те құттықтауын жолдаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеделхаттарын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері, Министрлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Украина Президенті Владимир Зеленский, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рүстем Минниханов және басқалары жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Қазақстанда күн суытады
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 524.6  course up  550.92  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer