Президенттікке алғаш болып ұсынылғандардың тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттікке алғаш болып ұсынылғандардың тізімі жарияланды ©Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабаев арыз берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов және Сухраб Әминжанұлы Мырзашов ұсынды", - делінген ОСК таратқан хабарламада. 

Сөйтіп, комиссияның мәліметінше, бүгінде сайлау науқаны барысында бес талапкер ұсынылып отыр, оның біреуі - әйел адам. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағына сәйкес, президенттікке үміткерлерді сәйкестендіруді және оған Конституциямен және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қойылатын талаптарды Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы арыз берілген сәттен бес күн ішінде бекітеді", - делінген баспасөз парағында. 

Еске салайық, 26 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді ұсыну басталған болатын. ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленіп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети