2021 жылғы іріктеуге жаңа кезеңдер қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылғы іріктеуге жаңа кезеңдер қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті.
"Біз кезекті іріктеуді 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастаймыз. Қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 қызметкер іріктеледі. Негізгі талаптар, бұрынғыдай, Қазақстан азаматтығы, жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, кандидаттардың шынайы мотивтері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Біз бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударамыз. Іріктеу кезеңінде ситуациялық міндеттерді шешу, мінез-құлықты анықту сұхбаты сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізіледі", - деді Жайылғанова ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, Президент тағайындаған мемлекеттік қызметкелер, саяси мемлекеттік қызметкер, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкері және Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
Жайылғанова Мемлекеттік қызметке тағайындау резервке алынған тұлғалар қатарынан, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де тұлғалар қатарынан жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жазда басталады деп хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!