Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

Президенттік клиниканың дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттік клиниканың дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 12 шілдесінде коронавирустық инфекциядан біздің әріптесіміз, адал досымыз әрі тамаша дәрігер Павел Иванович Шолох 54 жасында қайтыс болды. Президенттік клиника Павел Иванович Шолохтың туған-туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады", - делінген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Facebook желісіндегі парақшасында.

Павел Шолох медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі болған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети