21 қараша 2022 12:00

Президенттік сайлауға қай өңір тұрғындары белсенді қатысқаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауы бойынша алдын ала қорытындыны жариялап, қай өңірде азаматтар белсенді дауыс бергенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауы бойынша алдын ала қорытындыны жариялап, қай өңірде азаматтар белсенді дауыс бергенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беру құқығы бар 11 953 465 қазақстандықтың 69,44 пайызы немесе 8 миллион 300 мың 46 адам қатысқан.

Жетісу облысының тұрғындары едәуір белсенді дауыс берген. Онда сайлаушылардың 81,42 пайызы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, көшбасшылар арасында:

  • Қызылорда облысы – 81,07 пайыз;
  • Түркістан облысы – 80,37 пайыз:
  • Абай облысы – 80,18 пайыз.

Сондай-ақ, жоғары белсенділік байқалған өңірлер:

  • Жамбыл облысы – 79,57 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 пайыз;
  • Қостанай облысы – 79,28 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01 пайыз;
  • Ақмола облысы - 78,87 пайыз;
  • Қарағанды ​​облысы – 78,39 пайыз;
  • Павлодар облысы - 77,58 пайыз.

Азаматтардың жартысынан астамы дауыс берген өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 75,48 пайыз;
  • Ақтөбе облысы – 72,81 пайыз;
  • Алматы облысы – 72,1 пайыз;
  • Атырау облысы – 70,87 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,67 пайыз;
  • Маңғыстау облысы – 66,99 пайыз;
  • Шымкент – 59,79 пайыз.

Сайлауда аз белсенділік танытқан өңірлер Астана мен Алматы болды. Қалаларда азаматтардың жартысынан көбі сайлау учаскелеріне келмеген.

Астанада сайлаушылардың 48,67 пайызы, Алматыда 28,72 пайызы ғана дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети