Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабаев арыз берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов және Сухраб Әминжанұлы Мырзашов ұсынды", - делінген ОСК таратқан хабарламада.
Сөйтіп, комиссияның мәліметінше, бүгінде сайлау науқаны барысында бес талапкер ұсынылып отыр, оның біреуі - әйел адам.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағына сәйкес, президенттікке үміткерлерді сәйкестендіруді және оған Конституциямен және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қойылатын талаптарды Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы арыз берілген сәттен бес күн ішінде бекітеді", - делінген баспасөз парағында.
Еске салайық, 26 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді ұсыну басталған болатын. ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленіп отыр.