Президенттікке Қазақстан коммунистік халық партиясының атынан ниет білдіруші Тұрғын Сыздықов мемлекеттік тілді еркін меңгергені тексерілетін емтиханды тапсыруға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықовқа берілген шығарманың тақырыбы - "Біздің күшіміз - бірлікте". Емтихан бірнеше тапсырмадан тұрады: жазбаша жұмыс (шығарма мен мазмұндама), көркем мәтінді оқу және көпшілік алдында сөйлеу.
Еске салайық, Ақмола облысының тұрғыны Тұрғын Сыздықов сайлауға ҚКХП атынан ұсынылған еді.
Бүгінде президенттікке барлығы 14 адам ұсынылып отыр, оның жетеуі тіркеуге алынбады, оның бесеуі лингвистика комиссиясының шешімі бойынша мемлекеттік тілді жетік білмейді деп танылды.
Әзірше мемлекеттік тілді еркін меңгергенін тек Лимана Қойшиева ғана растай алды.
ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова бүгін лингвистика комиссия құрамына "құрметті, беделді мамандар, лингвист ғалымдар" енгенін айтты.