15 наурыз 2015 11:45

Президенттікке ниет білдірген екінші әйел емтиханға келмей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz Фото Тengrinews.kz

Президенттікке үміткер болуға ниет білдіруші Айгүл Өтепова қазақ тілі емтиханына келмей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президенттікке үміткер болуға ниет білдіруші Айгүл Өтепова қазақ тілі емтиханына келмей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтепова 15 наурыз күні сағат 10.00-де лингвистика комиссиясының емтиханын тапсыруы тиіс болатын. Бірақ ол белгіленген уақытта келмеді. Есесіне бұл кезде ниет білдіруші Серік Мұқаш келді. Ол - Экологиялық тұрақтылық" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, Щучинск қаласының 1950 жылғы тұрғыны. Оған cағат 15.00-ге емтихан белгіленген еді, бірақ Орталық сайлау комиссиясы Мұқашқа емтиханды ерте тапсыруды ұсынды. Отбасымен аз-маз ақылдасқаннан кейін ниет білдіруші емтиханды уақытынан бұрын тапсыруға келісті. 

Алдағы бірнеше сағат ішінде Серік Мұқаш емтихан шарты бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы тақырыбында шығарма жазуы керек, лингвистика комиссиясына көркем мәтінді оқи алатынын және көпшілік алдында қазақ тілінде еркін сөйлей алатынын көрсетуі тиіс. 

Айта кетейік, емтиханға келмей қалған Айгүл Өтепова Орталық сайлау комиссиясына 11 наурыз күні өтініш білдірген болатын. Ол 1970 жылы туған, Шымкент қаласында тұрады, уақытша еш жерде жұмыс істемейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети