Президент сайлауына өзін-өзі ұсынушы Бақтияр Естемесов мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент сайлауына өзін-өзі ұсынушы Бақтияр Естемесов мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бақтияр Естемесов қазақ тілін жетік меңгермеген", - деді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков. Оның айтуынша, ниет білдіруші жазба жұмысында 50 қате жіберді.
Жолдасбеков журналистерге Естемесов жазған шығарма мен оның Орталық сайлау комиссиясына берген өтінішін көрсетті. Өзін-өзі ұсынушы оларды да қатемен жазған. "Күлесің бе, жылайсың ба?! Міне, біздің болашақ үміткерлеріміз осындай", - деді Жолдасбеков.
Бақтияр Естемесов 1972 жылы туған, Астанада тұрады, ОСК мәліметінше, ол - жеке кәсіпкер.
Айта кетейік, әзірше лингвистика комиссиясынан оң баға алғандар көп емес. Олардың арасында қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар Лимана Қойшиева мен Қанат Тұрагелдиев бар. Комиссия бұл азаматтар мемлекеттік тілді жетік біледі деген қорытындыға келді.