1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Президенттікке ниет білдірген тағы екі адам тіркеуге алынбады 16 наурыз 2015, 16:53

ОСК мүшелері Серік Мұқаш пен Мұрат Телібековті тіркеуге алудан бас тарту туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенттігіне үміткер тағы екі адам тіркеуге алынбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен өзін-өзі ұсынушы Серік Мұқаштың сайлауға қатысуы жөнінде қаулы қабылдау қажеттігін түсіндірді. "Лингвистика комиссиясы мүшелерінің қорытындысы негізінде оның қазақ тілін еркін меңгермегені белгілі болды. Соған байланысты Серік Мұқаштың Конституция ұсынған талаптарға сәйкес келмейтінін бекіту және кандидаттыққа тіркеуден бас тарту ұсынылып отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

ОСК мүшелері бұл ұсынысты түгел қолдап дауыс берді. Сондай-ақ өзін-өзі ұсынушы Мұрат Телібековті тіркеуге алудан бас тарту жөнінде де қаулы қабылданды. 

Бұған қоса, ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов қазақ тілі емтиханын сәтті тапсырған өзін-өзі ұсынушы Жарылқап Қалыбайдың Конституция талаптарына сәйкес келетіні туралы қаулыны оқыды. 



Firebase Cloud Messaging