Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Президенттікке ниет білдірушілер психикалық денсаулығын тексертуге міндеттелуі мүмкін

16 Наурыз 2015, 17:47
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді психикалық денсаулығы жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынуға міндеттеу керек. ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында президенттікке өзін-өзі ұсынған екі адамды - Серік Мұқаш пен Мұрат Телібековті тіркеуге алудан бас тарту туралы шешім қабылданды. ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, Телібеков қазақ тілі емтиханы рәсімдерінен бас тартты. 

"Мен, ОСК өкілі, себебін түсіндіргім келеді: оған алдын ала уақыт белгіленді, ол емтиханды белгіленген ереже бойынша тапсырудан бас тартып, өз талаптарын ұсынды. Комиссия хатшысы билеттерді екі рет ұсынды, ол әдейі бас тартты. Ол өзін ерсі ұстады, дауыс көтерді. Ниет білдіруші жазба жұмысын орындауға кірісуден бас тартты, сондықтан рәсімді жалғастыру мүмкін болмады", - деді Сүлеймен. 

Бұдан кейін ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос лингвистика комиссиясы мүшелері кандидаттардың психикалық денсаулығын тексеру рәсімін қайта енгізу туралы ұсыныс айтқанын хабарлады. "Лингвистика комиссиясы мүшелері пікір алмасты, олар Орталық сайлау комиссиясына сайлау туралы заңға психикалық денсаулық туралы анықтаманы міндетті түрде талап ету туралы өзгеріс енгізуді ұсынды", - деп қостады оны Сүлеймен. 

Бұрын мұндай ұсынысты лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков те айтқан еді. "Бұрын президенттікке кандидат өзінің денсаулығы туралы медициналық анықтама тапсыратын. Өткен сайлаулардың бірінде ЕҚЫҰ бақылаушылары бұл адам құқығын бұзу деген ескерту жасап, ол ереже алып тасталды. Кім үшін де жұмысқа орналасарда міндетті шарт ретінде медициналық анықтама талап етіледі. Ал президенттікке кандидат медициналық анықтама тапсырмайды. Мүмкін, оның дені сау емес шығар?! Бұл өте қауіпті деп ойлаймын", - деді ол. 

Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну аяқталды. Бұл мерзімде Орталық сайлау комиссиясына 27 адам өтініш берді. Сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай