Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы" өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы" өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары іnformburo.kz интернет-порталының бас редакторына отандық бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Дорофеев Михаил Викторовичке және "Астана" республикалық телеарнасының бас директоры Танысбай Ләззат Мұратқызына қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілген.
Ал гранттар Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін "Хабар" республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Әділова Айгүл Нұрханқызына және отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін "Қазақстан" ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: "Алматы" телеарнасының шығармашылық ұжымына отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін, "Астана ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымынаАстананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін, "Балдырған" республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін, "Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы" шығармашылық ұжымына Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген құжатта.