Президенттің баспасөз хатшысы Путиннің Тоқаевқа жазған хаты туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз хатшысы Путиннің Тоқаевқа жазған хаты туралы айтты

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған хаттың мазмұнын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған хаттың мазмұнын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол хатта ЕАЭО елдері басшыларының тар құрамдағы кездесуі барысында қойылған сұраққа ресейлік тараптың жауабы қамтылған. Бұл қазақстандық жүк жөнелтуші компаниялардың ішкі тариф бойынша Ресей темір жолымен тасымалдауға қолжетімділігі туралы болды. Ресей Үкіметі Қазақстан аумағында межелі пункті бар тауарлар жеңілдік тарифті пайдалана алады, ал Ресей аумағы бойынша транзитпен жүретін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуы тиіс деп есептейді. Президент біздің Үкіметке 2015 жылғы ЕАЭО құру туралы шарт қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөздерді жалғастыру туралы тапсырма берді", - деді Руслан Желдібай Tengrinews.kz тілшісіне.

Бұған дейін БАҚ-та Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа Садыр Жапаров арқылы хат тапсырғаны түсірілген видео тараған болатын. Кадрда Қазақстан басшысының хатты оқып, Ресей президентіне басын изеп, жазбаны қалтасына салғанын көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети