Биыл Тамыз конференциясына алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Тамыз конференциясының соңғы дайындығын министр Асхат Аймағамбетовпен пысықтадық. Ұлағатты ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. Бұл биылғы Тамыз конференциясының қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек", - деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ ол Тамыз конференциясында мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, озат оқушы тәрбиелеу, мектептер, үштілділік және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері көтерілетінін айтты.