26 қараша 2015 | 16:16

Президенттің Жолдауы әркім үшін қызықты болады - Назарбаевтың баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтыны туралы ақпаратты растаймыз. Сонымен қатар, бірнеше республикалық телеарнада тікелей эфирді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, Жолдау әлемдік дағдарыс жағдайындағы еліміздің әрекеттеріне арналатын болады. Қазірдің өзінде Жолдаудың әркімге қызықты болатынын айта аламын", - деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыр кезеңде қандай шараларды қабылдау керегі туралы Жолдауында айтатынын және оны осы жылы жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Бүгін негізгі мәселелерге ғана тоқталдым. Күрделі кезеңде қандай шаралар қолданатынымыз туралы кезекті Жолдауда айтатын боламын, оны осы жылы жариялау жоспарда бар. Осынау күрделі кезеңде Үкімет пен аудан әкімдері экономикалық өсімді ынталандыратын барлық қорды қарауы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев 18 қарашада Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети