Президенттің жолдауы: Парламент палаталарының депутаттары тағы жиналады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің жолдауы: Парламент палаталарының депутаттары тағы жиналады Фото: Ақорда

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкімде.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайтыны хабарланды.

Шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Бұған дейін Президент жолдауын 2024 жылы 2 қыркүйекте жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети