Президенттің көмекшісі "Самұрық-Қазына" Директорлар кеңесінің құрамына кірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

ҚР Президентінің көмекшісі Смайылов Әлихан "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президентінің көмекшісі Смайылов Әлихан "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілді.

"Өзгертуге сәйкес, ҚР Президентінің көмекшісі Смайылов Әлихан Асхатұлы директорлар кеңесінің мүшесі, ал Декамп Оливье Эдуард тәуелсіз директор ретінде Кеңес құрамына енгізілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, премьер-министрдің бұрынғы көмекшісі Ербол Орынбаев пен тәуелсіз директор Найджел Стейплтон директорлар кеңесі құрамынан шығарылды.

Әлихан Смайылов 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы статиститка агенттігінің төрағасы болды, ал 2003 жылы ақпаннан шілдеге дейін Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі қызметін атқарды. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі болса, 2007-2008 жылдары "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ президенті қызметін атқарды. 2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы болды.

"Самұрық-Қазына" АҚ мәліметінше, Оливье Декамптың жаһандық корпоративтік қаржы, дамушы нарықтар және даму саласындағы саясат саласында 40 жылдық тәжірибесі бар. Негізгі жетістіктері ретінде ЕҚДБ елдік стратегияларын құруын және ЕҚДБ мандатына сәйкес олардың табысты іске асырылуына жауапкершілік алып, оның ішінде саясат және диалог мәселелері бойынша кеңестер беруін айтуға болады. Күрделі және инновациялық мәмілелерді басқаруға және орындауға, корпорациялармен және кәсіпкерлермен қатынас орнатуға және командалық орындауға негізделген тұрақты бизнес-модель құруға өте қабілетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro