Астанада Назарбаевтың сынынан кейін Ақорда аллеясының маңындағы қираған плиткалар шұғыл қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Назарбаевтың сынынан кейін Ақорда аллеясының маңындағы қираған плиткалар шұғыл қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін Президент көз алдында плиткалардың құлағанын айтқан болатын. "Қонақ күтеді екенбіз, таза болуымыз керек қой. Кейбір үйлеріміздің маңдай бетін қараңдаршы. Президенттің көз алдында осы плиткалар түсіп жатыр, ешкімнің мұнымен ісі жоқ", - деп сынаған еді Мемлекет басшысы Ақорда маңындағы аллеяның суретін көрсетіп.
Ал бүгін, таңғы алтыдан бастап қала әкімі Әсет Исекешев тексеріс жұмыстарын бастап кетті.