Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жасалған пробация туралы жаңа заң құқық бұзушылар үшін сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізеді, - деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов ҚР Үкіметі отырысында. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жасалған пробация туралы жаңа заң құқық бұзушылар үшін сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізеді, - деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов ҚР Үкіметі отырысында. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қасымов "Пробация туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобалары туралы баяндады.
Министр хабарлағандай, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің дербес бағдарламасы жеке тұлғаны және оның өмірлік жағдайын кешенді зерделеуге негізделіп, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың тарапынан көрсетілетін шаралар кешенін қамтитын болады.
"Пенитенциарлық пробация қызметінің негізіне босатылу кезеңінде мамандық алуды ұйымдастыру, еңбек дағдысын игеру, құжаттарын қалпына келтіру, еңбек және тұрмыстық жағдайын жоспарлау тәрізді параметрлер алынды" - деді ол.
Министр атап өткендей, пробацияның екі үлгісі болған жағдайда, тек бір жылдың нәтижелерінің өзі жаңа қылмыстардың алдын алуда айтарлықтай тиімділігін көрсетті.
"Еліміздің қылмыстық заңын әлемдік тәжірибемен орайластыру үшін құқық бұзушыларға қылмыстық-құқықтық ықпал етуді арттыру саласын кеңейту мақсатында 2012 жылдан бері қолданыста болып келе жатқан үкімдік және пенитенциарлықтан кейінгі кезеңдермен қатар сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация енгізіледі", - деп нақтылады министр.
Сотқа дейінгі пробация кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижелері бойынша пробация қызметі баяндама жазатын болады, онда күдіктінің жеке басының ерекшеліктері туралы сотқа арналған ақпарат, сәйкес шаралардың орындалуы немесе оларды орындауға деген ұмтылысы қамтылады. Сот бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған жағдайда пробацияның келесі үлгісі - пенитенциарлық пробация қолданысқа енгізіледі.
ІІМ басшысы атап өткендей, Ұлт жоспары - бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 33 қадамын орындау мақсатында ҚР ІІМ әзірлеген заң жобасын қабылдаудың мақсаты қылмыстық сот төрелігін әлеуметтендіру әлеуетін кеңейту, қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру болып табылады.
"Заң жобаларының қабылдануы құқық бұзушының әлеуметтік бейімделуіне, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде қайта қылмыс жасауының алдын алуға да, бағытталған әрекеттерге ұйымдар мен азаматтардың жан-жақты қатысуы үшін жағдайлар тудырады", - деп түйіндеді ҚР ішкі істер министрі.