Проблема мен қателік жетіп артылады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Проблема мен қателік жетіп артылады - Назарбаев © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға еліміздің экономикалық саясатына қатысты кеңес айтып, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға еліміздің экономикалық саясатына қатысты кеңес айтып, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXI пленарлық отырысы өтіп жатыр.

"Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қиын жылдарды өткердік, дағдарыс пен Кеңес одағының құлдырауының кейін қиын кезеңдерді өткердік. Қазақстан бірде-бір рет репрессияға жол бермеді, мұның барлығы біздің достарымыздың арқасында, солармен бірге қабылдаған шешімдердің арқасында. Бірақ проблема жетеді, қателіктер де жеткілді. Жасалатын жұмыс та әлі көп", - деді Президент инвесторларға.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы форум қатысушыларына жемқорлыққа қарсы күресуде бірге жұмыс істегеніне алғысын білдірді.

"Сіздер қиын кезеңдерде бізге кеңес айтып отырдыңыздар, біз сол кеңестерді тыңдап, заңнамамызды түзете отырып, бірге шешім қабылдап жүрдік. Сіздерсіз мұндай әрекеттер жасау қиынға соғар еді, сіздердің тәжірибе бізге зор көмек болды. Бұл кеңес - елдегі экономикалық ең маңызды мәселелерді талқылауға арналған алаң. Осы кеңестің бізге қосқан үлесі айтарлықтай, жалпы, еліміздің экономикасын дамытудағы үлесі. Сіздердің барлықтарыңызға осы жылдары бірге қызмет еткендеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети