20 желтоқсан 2022 11:21

Проблемалар жасырылды: Смайылов Қазақстандағы ЖЭО-лар жағдайы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов жылу электр орталығындағы апаттарға әкеп соққан себептер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов жылу электр орталығындағы апаттарға әкеп соққан себептер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкімет басшысы Министрлер кабинетінің отырысында айтты.

"Қыркүйекте осы мәселе бойынша Үкіметтің кезектен тыс отырысын өткіздік. Сонда әкімдіктер ешқандай проблемалық мәселелердің жоқтығын айтып, жылу беру кезеңіне дайын екенін айтты. Дегенмен, бос есеп пен жалған ақпарат проблемаларға әкелді. Екі айда екі ірі апат болды – Риддер мен Екібастұзда. Бұл ретте Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау, Павлодар қалаларында жылумен қамту бойынша күрделі жағдай байқалды", - деді Премьер-министр.

Смайылов жағдайды қатаң бақылауда ұстап, жылумен қамту жүйелері мен басқа да инженерлік желілердің жұмысын тұрақтандыру бойынша барынша белсенді шаралар қабылдауды тапсырды.

"Кейінге қалдыруға болмайды. Тексерулер басталды. Өңірлердегі жағдай олар көрсетуге тырысқан жағдайдан да сұмдық болып шықты, бар проблемалар жасырылды. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жаңғырту мен сапалы жөндеуге мүмкіндік бермеді. Станциялар мен желі иелері жеткілікті көлемде инвестиция салған жоқ. Бізде қыс өте ауыр болды және осы уақытқа дейін апаттар болды, бірақ мұнша көп және мұндай ауқымда емес", - деді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети