04 наурыз 2014 | 11:45

Профильді емес нысандарды сату қарастырылған - Сауат Мыңбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауат Мыңбаев ©Мансұр Хамит Сауат Мыңбаев ©Мансұр Хамит

"ҚазМұнайГаз" ҰК өзіне тиесілі профильді емес нысандарды сататын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап. ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы С.Мыңбаев компанияға тиесілі жұмыстар туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, алдағы уақытта профильді емес нысандардан құтылу үшін компания нақты шараларды қолға алатын болады. "Профильді емес активтердің нақты бағдарламасы бар. Біздің компанияда оған кіретін нысандар өте көп. Мысалы, оның қатарында "Думан" қонақ үйі, тағы да басқа бірнеше пәтер мен көлік тұрақтары бар. Оның барлығы алда бағдарлама бойынша сатылады", - деді ол. Дегенмен компания басшысы профильді емес нысандарды сату керек деп оған көз жұма қарамау керектігін айтады. "Олардың барлығын сатып, құтылу керек десек те, кейбір нысандарға қойылған шектеу жағдайлары бар. Мәселен, кен орындарының көбінде асханалар бар. Оны қазір сатып жіберсек, ертең жұмысшылардың жағдайы қалай болады? Осы жағын ескеруге тиіспіз. Сондықтан, профильді емес нысандардан құтылу кейбір жағдайда мүмкін болмайды. Алайда олардың барлығын ескеріп, мүмкін басқа мекемелерге я жергілікті әкімшіліктерге береміз деп ойлаймын. Бағдарлама бойынша оның барлығы қарастырылған", - деді С.Мыңбаев. Сауат Мыңбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК-да жұмыс істейтінін жұмысшылар санын айта алмады. Бұл туралы қойылған сауалға ол: "Ол туралы нақты санын айта алмаймын", - деді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети